Түркістандағы Кентау қаласының мәдениет күндері мәресіне өз жетті. Шараның екінші күні спорттық сайыстар өткізіліп, қазақ күресі, қой көтеру, асық ату, арқан тартыс сынды ұлттық ойындар ұлықталды. Сондай-ақ кенді қала кәсіпкерлері өндірістік жәрмеңке ұйымдастырып, Түркістандықтарға отандық өнімдерін ұсынды. Толығырақ тілші тарқатады.
Жандос Болатбеков – мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, цех ашқан. Қазір онда кір жууға арналған ұнтақ, сусабын өндіреді. Шикізатты Иран мен Қытайдан тасымалдайтын азмат, өндіріс сапасы арнайы лабороторияларда тексерістен өткен. Лиценциясы бар дейді. Айтуынша, отандық өнім нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен. Қол жетімді.
ЖАНДОС БОЛАТБЕКОВ, КӘСІПКЕР
– «Отандық өнім болғанда кез-келген өніммен пара-пар, сапасы. Декларациядан өткен, докцменттері бар.
Кәсіпкер тазалық ұнтақтарын ғана шығарумен шектелмеді. Руханиятқа да мән беріп, назар аударған. Зияткерлік спорт жанашыры, тоғызқұмалақ ойынын ықшамдап, балаларға арналған нұсқасын әзірлепті.
ЖАНДОС БОЛАТБЕКОВ, КӘСІПКЕР
– Өзім тоғызқұмалақ ойнғанмын. Классикасының өзі бір сағат ойналады. Бұда елу құмалақ болады. Жиырма бес-жирырма бес құмалақтан. Жүрісі дәл сол тоғызқұмалақтағыдай. Бірақ, бұда тұздық жоқ. Қазір енді балдар шыдамсыз ғой. Бір орында отыра алмайды. Ал бұл жеті минутта бітеді. Баллалар ауысып-ауысып ойнайды.
Әзиз Зуффар – 30 келі тартатын қойды 111 рет бастан асыра көтеріп, сайыс жеңімпазы атанды. Жеңіл атлетикамен айналысатын азмат – қой көтерудің де өзіндік техникасы бар. Соған сай әрекет ету қажет. Әйтпегенде омыртқа сүйектерін зақымдап, буын ауыруларына шалдығуыңыз мүмкін.
ӘЗИЗ ЗУФФАР, СПОРТШЫ
– Жеңіл атлетика жаттықтырушысымын. Аяқта күш бар. Шүкір, абыроймен көтеріп бірінші орын алдым.
Шараны галаконцертпен түйіндеген кеншілер, басты-аяқ жанды дауыста ән салды. Сондай-ақ көрермен арасында караокеде Кентау қаласынан шыққан компазиторлардың әндерін шырқап, кештің сәнін келтірді. Ерекше сәттің куәсі болған көрермен дән ризашылықтарын білдіріп, кештен қимай тарқасты.