Премьер-Министр Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды.  
«Химфарм» фармацевтикалық зауыты. Өндірістік жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктер, 250 млн ампула инъекциялық ерітінділер және басқасын шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 897 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер Еуропа елдерінде үнемі бейіндік оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Үкімет басшысы фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін одан әрі арттырудың маңызын айтты.
АЙБОЛАТ ЫДЫРЫСОВ, «ХИМФАРМ» АҚ» ЦЕХ МЕҢГЕРУШІСІ                     
«Жақында жаңа ғимарат соғылып жатыр. Ол ғимаратқа сапаны қадағалайтын бөлім сол жақта жұмыс жасайды. Ол не деген сөз, біздің зауытта жаңа, заманауи лаборотория болады»
 Келесі нысан - Шымкент қаласының Алтынтөбе елдімекеніндегі «Алан және Компания» джем мен шырын өндіретін кәсіпорны. Зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтылған. 45 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі орнатылған, алма, шабдалы, алмұрт және жүзім өсіріледі. Компанияға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Премьер-Министр аталған шаралар салаға елеулі қолдау көрсететінін және отандық қайта өңделген өнімдер өндірісін ұлғайтуға ықпал ететінін айтты. Бұл ішкі нарықты толтыруға және импортты алмастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
АБДУЛАХАП ИРСИМБЕТОВ, «АЛАН ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ        
«Қытаймен, ресеймен келісім-шартқа отырып жатырмыз. Катарда көрмеге қатысқанбыз. Солармен меморандумға қол қойдық»
 Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы The Coca-Cola Company сауда белгілері бар алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауытпен танысты. «Кока Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталықтың аумағында орналасқан. Премьер-Министр жергілікті жерлерде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларына, сондай-ақ олар шығаратын өнімнің сапасын үнемі арттырудың маңызына назар аударды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында дамудың келешегіне басымдық беру керек.