Табысы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен асқан кәсіпкер қосымша құн салығын төлеу керек әрі мерзімінен өтпеуі тиіс. Тоқсандық, жылдық есептер белгіленген уақыттан кешіктірілмей өткізілуі қажет. Осыған байланысты кірістер басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерді мұқият болуға шақырады.

Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған жағдайда кәсіпкер кірістер басқармасына хабар беру керек. Салық субьектісі өзі келу тәртібімен декларацияны қағаз жүзінде тапсырса болады немесе электронды түрде есеп береді. Салықтық өтініш электронды нысанда беру туралы ережеге сәйкес болуы тиіс. Қосымша құн салығынан жалтарғандарға әкімшілік шара қолданылады.

 НҰРМАХАНБЕТ СЕЙТҚҰЛ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ  БАСШЫСЫ  
 Табысы 20 мың АЕК асқан кезде келесі айдың 10 шы жұлдызына дейін міндетті түрде қосымша құн салығына тіркелу керек. Тіркелмеген жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.