Әр салық өз мезгілінде төленуі тиіс. Қосылған құн салығы, тоқсандық есеп, жылдық есеп тиісті кезеңде тапсырылу керек. Кірістер басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерді мұқият болуға шақырады.

Бір ағана Әл-Фараби ауданында 18 487 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 2338-і оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейді.  Салыққа салғырттық танытқандарға ескерту берілуде. Кәсіпкерлерге  міндетті төлемді кешіктіріп  жатқаны жөнінде хабарлама жіберілген. Басқарма енді олардан жауап күтеді. Хабарламаға құлақ аспағандарға әкімшілік айыппұл салынады.

 ЭЛМИРА ТАСТАНОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ САЛЫҚТЫ ӘКІМШЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ КАМЕРАЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Егер ұсынбаған жағдайда 272 бап бойынша жеке тұлғаларға 15 жеке кәсіпкерлерге 30 АЭК айыппұл салынады.