300-ге жуық оқушы көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Төлеби ауданы, Кеңесарық елдімекеніндегі мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Салдарынан  оқушылар 22 шақырым қашықтықта орналасқан  Қостөбе ауылында білім алып жүр. Алыс жолға қатынау үшін арнайы автобус қарастырылыпты. Елдімекендегі мәселемен арна тілшісі Нұрлан Пайзов танысып қайтқан еді. Сюжетте толығырақ.
 НҰРЛАН ПАЙЗОВ ТІЛШІ
 Қасқасу ауылдық округіне қарасты Кеңесаарық елдімекенінің оқушылары биыл алғашқы қоңырауды өз мектебінде соқпады. Оған 1-ші маусымнан бастап мектепте күрделі жұмыстың жүруі себеп болған. Қазіргі таңда  ауылдағы оқушылар 22 шақырымдағы Қостөбе ауылындағы мектепте  білім алуға  мәжбүр болып отыр.

Ауыл орталығына таңғы 11:00 де алдымен бастауыш сынып балалары жиналады. 117 оқушыны көрші ауылға жеткізу үшін 4 автобус қарастырылған.  Ал қатынап оқитын үлкен сыныптағы 163 шәкірт 12:30 да сап түзеп тұрады. Балалардың бұлай сабылып жүргеніне ата-аналар алаңдаулы. Олар мектептегі жөндеу біткенше шыдаудан басқа амал жоқ деп отыр.
 САТҚҰЛ ҚАМБАРОВ - КЕҢЕСАРЫҚ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
 Қараңғы батқанда қайтады, осы жерге келеді. Көшеде свет жанып тұр. Амалдап жатырмыз мектеп біткенше. Бір айда бітіреміз деген. Мектебіміз бітпи қалса, қыс түсіп кетсе біздің ауылды білесіздер қыр-сай. Көше тайғанақ болуы мүмкін. Сол кезде қауіп көп болады.



 Оқушылармен қатар көрші ауылға 40 ұстаз қатынап сабақ беріп жүр. Олар үшін арнайы көлік қарастырылмаған. Бірі балаларға арналған автобуспен жүрсе, енді бірі  көршілердің көлігіне мінгеседі. Ал, білім ошағының өкілдері оқушыларды іргелес елдімекеннен ерте қайтару үшін бірқатар сабақтың уақытын қысқартуға мәжбүр.
 БЕКЕН МАТКАРИМОВ – Б.БИБОЛАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бір автокөліктің бұзылуына байланысты қазір бір автколікті оқушыларымызды ол жақтан жібереміз. Бір автокөлік екі мәрте ауылға барып келіп жатыр. Шындығы керек денешынықтыру, көркем еңбек деген сабақ бес он минут босатып тасымалдап жатырмыз.
Ал шағын аулдағы жалғыз мектеп 1 маусымнан бастап жөндеуге жабылған. Құрылыстың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Алайада мердігер мекеме өкілі жөндеуді ерте аяқтап, мемлекеттік нысанды тапсыруды көздеп отыр.
Аудандық білім бөліміндегілер жөндеу жұмысының біарз уақыт тоқтап қалғанын айтады. Оған техникалыққа дағалашылардың өзара соттасуы себеп болған.

 БЕКАЙДАР ТОЙЛЫБАЕВ - ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі Биболатұлыға технадзор екіншісі келді. Технадзор болмағанда заңға байланысты  құрылыс тоқтайды. Біразғадейін құрылыс тоқтап қалды. Рахмет басқармадағылар тез соттасқаныны реттеп бізге технадзор жіберді. Жұмысжүріп жатыр. Күн суымай балалар мектепке кіреді. Мен оған сенімдімін.
 Үш қабаты ғимараттың құрылыс аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмысына олбыстық бюджеттен 975 млн теңге қаржы бөлінген.