Мемлекеттік қызметкер ары таза, жемқорлықтан ада болу керек. Сонда ғана еліміздің алар асуы биік болмақ. 23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: заң үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам» тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында Конституцияның мемлекеттік қызмет жүйесіндегі рөлі кеңінен талқыланды. Мемлекеттік басқарудағы конституциялық қағидаттарды іске асыру тетіктері, заңнамалық өзгерістердің маңызы насихатталды. Отбасы институтын нығайтудағы конституциялық құндылықтар және жастардың мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысу мәселелері де әңгімеге арқау болды.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мемлекттік қызметтегі кадр процестерін толық цифрландыру процесіне өтіп жатырмыз. Мақсат адам іріктеуде көптеген адами факторларды мнейлінше азайту. Мансаптық өсімге горизонталды түрде мүмкіндік беру
Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының тыңдаушылары өз ойларын ортаға салды. Жоғары оқу орындарының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының мүшелері мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып заңнаманың маңыздылығы жайында сөз сөйледі.
АТАХОЖА ИСМАИЛОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Конституцияның дұрыс жұмыс істеуі мемлекеттік қызметшілерге байланысты. Қызметкерлердің мінезі тәртібі заман талаптарына сай келетін әділеттілік болу керек.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Конституцияның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастырудағы және азаматтық қоғамды дамытудағы маңызы ерекше екендігі атап өтілді.