Жоғары оқу орнына түсемін деген жастар үшін маңызды кезең басталды. Жұмабек Тәшенев атындағы университетте 2026 жылғы талапкерлерді қабылдау науқаны ресми түрде ашылды.

Қазіргі таңда университетте бакалавриат бойынша 61, магистратура деңгейінде 9 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта жаңа мамандықтардың ашылуы оқу орнының академиялық әлеуетін одан әрі арттырмақ. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында онлайн қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Сонымен қатар құжат тапсыру рәсімін жеңілдету үшін электронды кезек жүйесі енгізілген. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

ҚАНАТ БАЙБОЛОВ, Ж.А. ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ

Жүзден жоғары бал алған үміткерлер мемлекеттік білім грантына келіп отыр. Биылғы іс шаралар болашақ студенттерге арналып жасалып жатқан дүние. Студенттерді қабылдауға барлық жағдай жасалған.

Университет басшылығының айтуынша, білім ордасы талапкерлерді қабылдауға толық дайын. Әсіресе ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен түлектердің мемлекеттік грант иегері атану мүмкіндігі жоғары. Қабылдау науқаны барысында болашақ студенттерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық қажетті жағдай жасалмақ.