Шымкенттегі High School 125 жекеменшік мектебі 5-ші рет түлектерін үлкен өмірге қанат қақтырды. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің ошағына айналған оқу ордасын 221 оқушы тәмамдады. Академиялық біліммен қатар, тіл меңгеріп, ғылыми жобаларымен топ жарған түлектердің қоштасу кешіне біздің түсірілім топ қатысып қайтқан болатын. Бейнесюжетке кезек берсек.


High School 125 мектебі Шымкенттегі көшбасшы ұрпақ тәрбиелеп отырған бірегей білім ордасы. Биыл бесінші рет түлектерін ұшырып отырған мектеп халықаралық стандарттарға сай тілдік дайындыққа басымдық берген. Соның нәтижесінде 50 оқушы IELTS емтиханын тапсырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген.


НҰРДӘУЛЕТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, HIGH SCHOOL 125 МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Биылғы көрсеткіштердің өзі — осы жүйелі жұмыстың жемісі: 221 түлектің 21-і үздік атанса, 17-сі «Алтын белгі» иегері болды, ал 50 оқушы IELTS тапсырып, жоғары нәтижелерге жетті.


Биылғы түлектердің 21-і оқу үздігі атанса, 17 түлек «Алтын белгі» иегері болды. Бұл - мектептің сапалы білім беру жүйесі мен ұстаздар еңбегінің нақты нәтижесі. Түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін арттырып, әлемдік білім кеңістігіне жол ашады.


ГҮЛЖАН СМЕТОВА, АТА-АНА
Қызым ҰБТ дан жоғары балл жинады. Алтын белгі иегері атанып отыр. Осы мүмкіндікті сыйлап отырған осы мектеп ұжымына рақметімді айтамын.


Мұнда академиялық біліммен қатар, тіл меңгеру, ғылыми жобалар, шығармашылық пен көшбасшылық қабілеттерді дамытуға кеңінен жағдай жасалған. Осындай мүмкіндіктердің арқасында мектеп түлектері тек білімді ғана емес, бәсекеге қабілетті, болашаққа сеніммен қадам басатын жас буын ретінде қалыптасып келеді.


ДИАНА ДҮЙСЕБАЙ, HIGH SCHOOL 125 МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ
Егер сапалы білім алып, ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, өз арманыңыздағы университетке түскіңіз келсе, High School 125 сіз үшін дұрыс таңдау бола алады.


High School 125 - сапалы білім мен жүйелі дайындықтың нақты нәтижесін көрсетіп келе жатқан білім ордасы. Оқушылар мұнда тек пәндік білім алып қана қоймай, тестілеуге психологиялық және стратегиялық тұрғыдан да жан-жақты әзірленеді. Соның нәтижесінде жыл сайын мектептен жоғары көрсеткішке қол жеткізген үздік түлектер түлеп ұшып, еліміздің және шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп келеді.