Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 93 нысанның құрылысына бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысында 58 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 7-еуі ел игілігіне тапсырылған.
Әрбір нысан сапалы әрі уақтылы тапсырылуы керек. Құзырлы мекемелер, жауапты басшылар құрылысты басталған сәттен бастап қадағаласын. Халықтың салығы есебінен жасалып жатқан жұмыс талапқа сай болуы қажет. Осылай деген өңір басшысы кемшілік анықталған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Күнделікті құрылыс сапасына бақылау жүретін болса онда дұрыс сапад шығады. Ондай болмаса қазіргі жағдай жалғасатын болады. Әріптестер осы мәселені қолға алу керек.
Созақ ауданындағы №1 колледждің жатақханасы мен Жетісай, Мақтаарал, Келес және Сарыағаш аудандарында салынып жатқан жаңа буын өкілдерін дамыту орталықтарының құрылысы жалғасуда. Денсаулық сақтау саласында төрт нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Соның ішінде білім нысандары қатаң бақылауда.
АБАЙ ТУРХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Білім саласында облыста 13 нысанның қөұрлысы жүргізілуде. 9 мектептің құрлысына 8,6 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 3 мектеп пайдалануға беріліп қалғаны тамыздың аяғына дейін берілуі тиіс.
Тұрғын үй құрылысы да тұрақты бақылауда. Биыл облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 млн 250 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бес айдың қорытындысында 353,8 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 115,6 пайызды құрады. Сонымен қатар кредиттік және арендалық тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр.