Шетелдік жастар Түркістанның лагерінде жүр. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоба қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге шақырады. Ауқымды шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдік жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, бір алаңда бас қосты.
Түркістан төрінде халықаралық жастар лагері өз жұмысын бастады. Бұл игі бастама — әртүрлі мемлекеттен келген жастардың басын қосып, мәдениеттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды алаң.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы жастардың рөлі, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері кеңінен айтылуы керек Сондай-ақ өңірдің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген қызметкерлер мен жастар марапатталады.
Лагерь аясында шетелдік және отандық жастар тәжірибе алмасып, білім мен идея бөлісіп, жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік алады. Мұндай кездесулер жастар арасындағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, халықтар арасындағы бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады.
НАДИРЖОН ХАСАНТАЕВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Бірлік» халықаралық жастар лагері жастар арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға, бағытталған.
Тарихы терең, руханияты бай Түркістанның халықаралық деңгейдегі осындай іс-шараға арқау болуы — өңірдің туристік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Түркі әлемінің мәдени астанасы саналатын киелі мекеннің тарихи орындары, сәулеттік мұралары мен ерекше атмосферасы шетелдік қонақтардың қызығушылығын оятып, Қазақстан туризмінің дамуына серпін береді.
ЭЛЬМИРА ЖАНҒАЗИЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МКМ-НҢ ДИРЕКТОРЫ
Үш күнге жоспарланған лагерь аясында қатысушылар үшін көшбасшылық, дипломатия, мемлекеттік басқару, қоғамдық келісім және қоғамдық белсенділік бағыттарында тәжірибелік тренингтер мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады.
Бұл лагерь — тек жастардың бас қосуы ғана емес, болашақтағы берік достықтың, жаңа мүмкіндіктердің және халықаралық серіктестіктің бастауы. Түркістан осылайша әлем жастарын біріктіретін рухани әрі мәдени көпірге айналып келеді.