Киелі Түркістан жақын арада нағыз гүл шаһарына айналуы мүмкін. Қытайлық алпауыт инвесторлар қала көшелерін түрлі-түсті әсем гүлдермен көмкеруге дайын.


Өңір басшылығы «Аспан асты елінен» келген танымал холдинг өкілдерімен маңызды уағдаластық жасады. Сөйтіп, өңірде заманауи жылыжай технологиясын енгізіп, гүл шаруашылығын мүлдем жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр. Жауапты тұлғалар шетелдік кәсіпкерлердің бұл бастамасына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Ең қызығы, инвесторлар Сарыағаш ауданында раушан гүлдерін тәжірибелік негізде егуді бастап та кеткен. Егер алғашқы сынақ сәтті өтсе, өңірдегі гүл алқабының көлемі 20 гектарға дейін ұлғайтылады.