Түркістанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2026 жылдың алғашқы бес айында қалаға келген туристер саны 250 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға артқан.


Қазіргі таңда Түркістанда 72 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 254 төсек-орынды құрайды. Сондай-ақ, 2024–2027 жылдарға жоспарланған құны 16,6 млрд теңгені құрайтын 11 туристік жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде оның 8-і іске қосылса, қалған 3 жоба жыл соңына дейін аяқталмақ. Жобалар толық жүзеге асқанда 354 жаңа жұмыс орны ашылады. Туристерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қалада 85 бағыттаушы тақтайша орнатылып, 4 ақпараттық смарт-киоск іске қосылған. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарының 80 пайызында үш тілде мәзір енгізілген. Шаһардағы арнайы экономикалық аймақта да 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 6-ы іске қосылып, 9-ы құрылыс кезеңінде. Бұл жобалар толық аяқталса, 4 495 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қалада 33 әлеуметтік дүкен ашылған, бүгінде оның 31-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Ретсіз сауда мен заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу мақсатында рейдтік шаралар да жалғасуда.