Жыл басынан бері Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 200-ден аса күрделі ота жасалды. Құны қалта көтермейтін жоғары технологиялық операцияларды мемлекет толықтай тегін жүргізеді. Ол үшін әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, ай сайын тиісті жарнаны уақытылы төлеп тұруы тиіс.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК ,  ТІЛШІ
Қаладағы 174 емдеу мекемесі МӘМС жүйесіне қосылған. Оның 140-ы жекеменшік емхана. Жүйенің мінсіз әрі әділ жұмыс істеуін «Qalqan» платформасы бақылайды. Соның арқасында емханалардағы қызмет көрсету деңгейі артып, науқастардың наразылығы 32 пайызға төмендеген.


СӘУЛЕ ДҮЙСЕНБАЕВА , ҚАЛАЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Шымкент қаласы бойынша 200-ден астам жоғары технологиялық медицина қызмет көрсетілді.Қаржыландырудың басым бөлігі  кардиохирургия,нейрохирургия, трансплантология салаларында болып отыр.Нәтижесінде ми қантамырлар күрделі аурулары.Сондай-ақ, жүрек ауру потологиясы басқада күрделі дерттер бойынша заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділік арттырылуда.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК ,  ТІЛШІ
 Шымкенттіктердің 85 пайызы МӘМС жүйесіне тіркелген. Яғни, басы ауырып, балтыры сыздаған 1 миллион 100 мың тұрғын тегін емделе алады. Тіпті күрделі операциялар да осы бағдарлама шеңберінде жасалады. Қаламызда мұндай тәуекелді оталарды атқаратын 8 медициналық мекеме бар.


СӘУЛЕ ДҮЙСЕНБАЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жеңілдік санатына ие болған 800-мыңнан астам азамат.Олар үшін мемлекет тарапынан жарна төленеді.212-мыңнан астам халық бүгінгі таңда шымкент қаласын бойынша сақтандырылмаған.Оның ішінде 14-мыңға жуығы DE санаттағы азаматтар.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК ,  ТІЛШІ
Мемлекет жұмыссыздарға да қол ұшын созады. Қызметсіз ретінде ресми тіркелгендерге МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік төлейді.