Түркістан облысында инвестиция көлемі 150 пайызға өсті! Жылдық жоспар 1 триллион 783 миллиард теңге болса, жыл басынан бері аймақ экономикасына 614 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды. Өңір басшысы бұл көрсеткішті тағы да арттыруды көздеп отыр. Ол аудан әкімдеріне жаңа инвестициялық жобаларды жедел пысықтауды тапсырды.

Өткен жылдың  қорытындысымен өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде 1 орында. Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвесторларды тарту және сүйемелдеу жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Әрбір жобаны тұрақты бақылауында ұстайтынын жеткізді.  


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыста жүзеге асырылып отырған инвестициялық жобалардың мерзімінде әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету керек. Нақты жоспар айма айға алыңыздар. 2026 жылға инвестиция тарту бойынша белгіленген индикатор тодлық орындалуы қажет.

Өңірде инвестициялық жобалар пулы қайта қаралып, өзектендіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 2,8 трлн теңгеге 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар арқылы  17 820 жұмыс орнын құру көзделуде.

НҰРЛЫБЕК ИСАЕВ, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2026 жылға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жоспары 499 млн АҚШ долларын құрап отыр. Облыс көлемінде жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында инвес жобалар пулы қайта қаралып өзектендіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында өңірде жаңадан іске асырылатын инвестициялық жобалар зерделеніп, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.