Жұмысшы мамандықтарының болашағын айқындайтын басты алаңда кімдер үздік атанды? Шымкентте кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты – WorldSkills Shymkent–2026 қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Бірнеше күнге созылған тартысты додада жас мамандар өз білімін ғана емес, нақты тәжірибелік дағдыларын да сынға салды.
Биылғы чемпионат техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында 45 құзыреттілік бойынша өтті. Ауқымды байқауға 258 қатысушы қатысып, олардың кәсіби деңгейін 300 сарапшы мен 20 тәуелсіз сарапшы бағалады. Чемпионаттың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, кәсіби әлеуеті жоғары жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлаудың маңызын насихаттауға басымдық берілді. Байқау нәтижесі халықаралық талаптарға сай CIS бағалау жүйесі арқылы шығарылды. Қорытындысында 47 қатысушы алтын жүлдені иеленсе, 61 үміткер күміс, ал 51 қатысушы қола медальға қол жеткізді. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
АРМАН НҰРЛАНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалпы техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының арасында өткізілді. 45 құзіреттілік бойынша өтті. Мақсаты сол жұмысшы мамандықтардың беделін артыру
Бүгінде WorldSkills Shymkent чемпионаты жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды жобаға айналды. Сондықтан жыл сайын бұл додаға қатысуға ниетті жастардың қатары көбейіп келеді.