Киелі Түркістанның сәулеттік келбеті жаңа деңгейге көтеріледі. Өңірде бірегей үлгідегі 7 заманауи ғимарат бой көтереді.Қазірдің өзінде жас сәулетшілер өз ұсыныстары мен креативті идеяларын ортаға салды.


Ауқымды жоба Түркістан қаласы мен Келес ауданында жүзеге асырылады.Шаһардағы базар аумағы енді тек сауда орны емес, басты туристік нүктелердің біріне айналмақ. Мұнда саяхатшыларға арналған жаңа нысандар ашылады.Жоспар бойынша, Көне Арбат жаңғыртылып, ландшафтық тартымдылықты арттыру үшін өрік бағы орналастырылады. Сондай-ақ, Тәуке хан даңғылы қайта жаңартылады. Туристік маршруттар жүйесі жетілдіріліп, арнайы саяхатшы паспорты мен картасы әзірленеді. Қызмет көрсететін электрокарлар бағыты да жаңартылмақ. Мәжіліс соңында Әкімшілік-іскерлік орталықтағы құрылыс барысы мен Түркі елдерінің орталығын салу жобасы баяндалды.