«Таза Қазақстан» бағдарламасы – тек ұран емес, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс. Түркістанда аталған акция аясында атқарылып жатқан шаралар тұрақты бақылауға алынды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясындағы жұмыстар бойынша баяндама жасады. Облыс аумағындағы қала-аудандарда тазалықтың сақталуы, саябақтар мен скверлердің жай-күйі, сондай-ақ ғимараттардың сыртқы келбеті бойынша тұрақты мониторинг жүргізілген. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын күшейту міндеттелді. Өңір басшысы аудан және қала әкімдеріне, жауапты басқарма басшыларына жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізуді тапсырды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл жай ғана уақытша акция емес. Бұл – күнделікті біздің ұстанымымыз. Осыны тікелей халыққа жеткізу керек.