Отыз жыл бойы шешілмей келген ауыр қылмыстың ізі ашылды. Полицейлер суық істің құпиясын заманауи ДНҚ сараптамасының көмегімен анықтады.
1990-жылдары Павлодар мен Қарағанды облыстарында жасалған кісі өлтіру деректері молекулалық-генетикалық зертханалық сараптама нәтижесінде әшкереленді. Көп жылдан бері «ашылмай келген іс» ретінде тіркелген қылмыстың беті осылай ашылды. Кешенді жедел-іздестіру және сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде бұрын жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар да анықталған. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар белгілі болып, олар заң алдында жауап беруге тартылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер қазіргі уақытта сот шешімін күтуде.