Шымкентте тұрғындар көтерген мәселелер қала әкімінің тұрақты бақылауында. Көшпелі кездесулерде айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Шаһар басшысы елдімекендерді аралап, түйткілдермен тікелей танысып жүр.


Кезекті жұмыс сапары Таскен тұрғын алабында өтті. Бұған дейін тұрғындар №151 мектепке апаратын жолдың қауіпсіздігін арттыру мәселесін көтерген болатын. Қала әкімі жағдаймен танысып, жауапты салаға мәселені жан-жақты зерделеп, кіреберіс жол салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сапар барысында қала әкімі Бағдат Мусинмен бірге жедел жәрдем қызметіне смарт-видеожетондарды табыстау рәсіміне қатысты. Шымкент – жедел жәрдем бригадаларын толық жабдықтаған алғашқы қала. Барлығы 240 құрылғы медицина қызметкерлеріне берілді. Құрылғылар шақырту кезіндегі әрекетті бейнетіркеуге алып, жедел дабыл жіберуге және деректерді орталықтандырылған жүйеге сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қала әкімі «Kerege Center» гастроорталығының құрылысымен және бірқатар жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Барлық нысандар бойынша сапаны қатаң бақылау тапсырылды. Сапар соңында Орталық стадион аумағындағы қонақүйдің жөндеу жұмыстары қаралды.