Шымкентте лақтырылған әрбір қоқыс Сергек камераларының назарында! Қала көшелерінде темекі тұқылын жәшікке емес, жерге тастағандар енді жауаптан қашып құтыла алмайды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы тазалықты бұзғандарды із суытпай тауып жатыр.
Камера объективіне ілінген кезекті құқық бұзушыларға бірден әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл Шымкенттегі алғашқы жағдай емес. Жыл басынан бері мегаполисте дәл осындай 855 ереже бұзу дерегі әшкереленген. Полиция департаменті қала тазалығы ортақ міндет екенін және тәртіп тәулік бойы бақылауда болатынын тағы да ескертеді.