Түркістан облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба жүзеге асуы мүмкін. Шетелдік компания Қазығұрт ауданында өндіріс орнын ашуға ниетті. Жоба іске асса, жаңа жұмыс орындары құрылып, өңір экономикасына серпін береді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров SP ООО «ZHONGTIAN CHEMICAL» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Қазығұрт ауданында инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өндіріс орнын орналастыру, инфрақұрылым тарту және жер телімін анықтау жайын қарады. Облыс әкімі инвесторларға қолдау көрсетілетінін атап өтті. Кездесу қорытындысында жобаны іске асырудың алдағы жоспары пысықталды. Айта кетейік, биылғы бес айда Түркістан облысына 614,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Алдағы жылдары өңірде 122 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.