26.06.2026! Әдемі сандар иә? Цифрлары үйлескен күнді пайдаланып, некесін заңдыстыратын қазақстандықтар көп. Биыл 26 маусым күні Қазақстанда шамамен 4 мың жұп неке қиюды жоспарлап отыр.


Әсіресе, үш мегаполистің тұрғындары әдемі күнде некесін заңдастырмақ.  Шымкенттен 141 жұп өтініш берген. Астанадан – 740, Алматыдан– 830 өтініш түскен. Мамандар, мұндай күні сұраныс көп болатынын айтады. Себебі, қайталанатын цифрлар символикалық күн ретінде саналады. Сондай-ақ, әдемі комбинациялар ерекше деп есептеліп және оңай есте қалады. Жалпы алғанда, қазақстандықтар қазір бұрынғыға қарағанда сирек үйленетін болған. Өткен жылы 116 мың неке тіркелген. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға аз.