Түркістанның жаңа бренді! Қасқасуда әлемдік деңгейдегі экологиялық тау-курортты қала салынбақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тау туризмі саласындағы халықаралық жетекші компания басшылығымен кездесіп, Қасқасу тауларында жүзеге асырылатын бірегей демалыс аймағының тұжырымдамасын талқылады.
Келіссөздер барысында тараптар халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курортты кластер құру мәселелерін қарастырды. Берлескен жоба жүзеге асқан жағдайда Қасқасу Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналмақ. Жобаның басты ерекшелігі – құрылыс барысында табиғатқа зиян келтірмейтін, толықтай экологиялық таза технологиялар мен табиғи материалдарды пайдалану. Болашақ курорттың барлық қызметі цифрлық технологиялармен басқарылмақ. Құрылыс кезеңінде және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.