Қалада өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері құрғақ шөп пен қоқыстың жануына байланысты 53 оқиға тіркелген. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүздеген ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар мәлімдеді. Олардың айтуынша, өрт қауіпті кезең басталғалы орманды-дала алқаптары мен тұрғындар жиі демалатын аумақтарда 86 профилактикалық рейд өткізілген. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 19 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда табиғи өрттердің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары тұрақты бақылауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда қала аумағында орман өрттері тіркелмеген. Қалаға қарасты 8 мың 791 гектар аумақты қамтитын «Жасыл белдеу» орман қорын қорғау үшін өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы мен арнайы бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде.


ОЛЖАС ҚЫРЫҚБАЕВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар, орманды-дала алқаптарында және тұрғындардың демалыс орындарында 86 рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 19 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Мамандар тұрғындарды отты абайсыз пайдаланбауға, табиғат аясында қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Өрттің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары мен рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасады.