Түркістан облысы ірі инвестициялық алаңға айналуда. Өңірде биылдың өзінде 10-нан астам ауқымды жоба серпін алмақ. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында осы өндіріс ошақтарының жұмысын жеделдету жолдары пысықталды.
Ең ірі әрі бірегей жобаның бірі - «TURKISTAN» индустриалды аймағында бой көтеріп жатқан «Нұрқағаз Х» зауыты. Инвестиция көлемі қомақты - 1,5 миллиард теңге! Құрылысы қарқынды кәсіпорын толық іске қосылғанда, жылына 60 мың тонна қағаз өнімін нарыққа шығармақ. Қазірдің өзінде мұнда қоймалар мен әкімшілік ғимараттардың қабырғасы қаланып жатыр. Сондай-ақ, «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы өзге де алпауыт жобалар назарға алынды. Өңірдегі өндіріс әлеуеті бұрынғыдан да қыза түспек.
ДИКТОР:Түркістан облысы ірі инвестициялық алаңға айналуда. Өңірде биылдың өзінде 10-нан астам ауқымды жоба серпін алмақ. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында осы өндіріс ошақтарының жұмысын жеделдету жолдары пысықталды.
КСМ: Ең ірі әрі бірегей жобаның бірі - «TURKISTAN» индустриалды аймағында бой көтеріп жатқан «Нұрқағаз Х» зауыты. Инвестиция көлемі қомақты - 1,5 миллиард теңге! Құрылысы қарқынды кәсіпорын толық іске қосылғанда, жылына 60 мың тонна қағаз өнімін нарыққа шығармақ. Қазірдің өзінде мұнда қоймалар мен әкімшілік ғимараттардың қабырғасы қаланып жатыр. Сондай-ақ, «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы өзге де алпауыт жобалар назарға алынды. Өңірдегі өндіріс әлеуеті бұрынғыдан да қыза түспек.
ҚАҒАЗ БЕН МАҚТА ӨНДІРІСІ