Түнгі уақыттағы жасөспірімдер қауіпсіздігі, қорқор өнімдері және заңсыз жарнама. Шымкентте осы үш мәселеге байланысты бизнес өкілдеріне қатаң талаптар қойыла бастады. Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде жауапты органдар  «Заң мен тәртіп» ережесін бұзғандарға аяушылық болмайтынын ашық айтты.


Ең басты мәселе балалардың қауіпсіздігі. Түн жарымында ата-анасыз көше кезген жасөспірімдер және оларды қабылдайтын ойын-сауық орындары заң аясында жазаланады. Сондай-ақ, кальян қызметін әлеуметтік желіде немесе сыртқы маңдайшаларда жарнамалауға мүлдем тыйым салынған. Ережені елемеген нысан иелеріне тәртіп сақшылары ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертеді.


БЕРІК ҚҰРБАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Біз бірінші кезекте кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіріп, анықталған кемшіліктерді өз еркімен жоюға мүмкіндік беріп отрырмыз.Осыған байланысты кәсіпкерлерді қорқорға байланысты барлық тікелей жанамалы жарнамаларды, әлеуметтік желілерден, маңдайшалардан және өзгеде жарнама көздерінен деректерді  алып тасталынуы қажет.


Талқылаудың тағы бір өзекті тұсы кальянның зияны. Осыған байланысты, санитарлық дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Қоғамдық тамақтану орындарында қорқор өнімдерін ұсыну санитарлық ережеге мүлдем қайшы. Бұл-бизнес емес, бірінші кезекте тұрғындар мен жастардың денсаулығына төнген үлкен қауіп.
ӘСЕМГҮЛ ДӘУЛЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жасөспірім балалар мен қыздарға қаншалықты зиян екенін білсе екен деймін. Жеке кәсіпкерлер я бизнес дейді я ақша табуым керек дейді. Бірақ келіп отырған клиенттің де жағдайын ойласа екен.Кәмелетке толмағандарды жібермесе екен деймін.Бүгінгі таңда осыны насихаттаудамыз.


Кәсіпкерлер талаптарды орындап,заң аясында жұмыс істеуге әзірміз дейді. Бірақ, тек сөзбен шектелмеуі тиіс. Ондықтан, жауапты мамандар түсіндіру жұмыстарымен қатар, арнайы рейдтердің тоқтаусыз жалғасатынын қатаң ескертті.