«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін». Түркістандық медицина қызметкерлері осындай наградаларымен марапатталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық негізгі медициналық көрсеткіштердің орындалуында үздік нәтиже көрсеткен Сауран аудандық емханасына жаңа автокөліктің кілті тапсырылды. Сонымен қатар өңірдегі бес оңалту орталығына демеушілер есебінен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға арналған 2 миллион теңгелік сертификаттар берілді.
Түркістан медицинасы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Өткен жылы облыс дәрігерлері 75 мыңнан астам ота жасап, 42 ағза трансплантациясын сәтті орындады. Бұрын тек шетелде немесе елордада ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде өңірде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер арқылы 486 ауылдағы 434 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – еңбектеріңізге берілген жоғары баға. Мемлекет басшысының осы саясатын іске асыру аясында және Үкіметтің ерекше қолдауымен Түркістан өңірінде де денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Облыста ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында да нақты нәтижелер бар. Нәресте өлімі 18,3 пайызға, бала өлімі 14,9 пайызға төмендеді. Онкологиялық аурулар көптеп анықталғанымен, сауығып кету көрсеткіші едәуір артқан. Іс-шара аясында қатерлі дерттен айығып шыққан азаматтар сөз сөйлеп, өз өмірлерін сақтап қалған ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жеткізді.
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам жанына қамқор болып, саулық сыйлап келесіздер. Сондықтан халық сіздерді «Ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейді.
Медицинадағы басты құндылық – білікті маман. Сондықтан кадр даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті бюджет есебінен 297 дәрігер-резидент даярланып, биыл ауылдық жерлерге жұмысқа барған 73 жас маманға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.