Арыстанмен бетпе-бет. Шымкентте жыртқыштардың тілін тапқан қазақ қызы тұрады. Цирк әртісі Жанат Қалметова аң патшасын бағындырудың өзіндік әдісін қалыптастырған. Бүгінде оны көпшілік «Арыстандардың анасы» деп құрметтейді. Әріптесім ажалдан қаймықпайтын кейіпкеріміздің ерекше өмірімен танысып қайтты.


Шымкенттіктер Жанат Қалметованы «Арыстандардың анасы» деп атайды. Өйткені ол – Қазақстандағы арыстан баптаған алғашқы әйелдердің бірі. Қалалық циркте еңбек ететін кейіпкеріміз кезінде «Симба», «Лео» және «Шири» атты арыстан күшіктерін бағып, жыртқыштардың сеніміне ие болған. Ол аңдарды еркелетіп, мінезін танып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеген. Жанатқа бауыр басқан арыстандар да оның даусын жазбай танып, айтқанын орындайды.


ЖАНАТ ҚАЛМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЦИРК ӘРТІСІ
Кішкентай нәресте баланы қалай тәрбиелесең, жануарды да дәл солай тәрбиелейсің. Сонда олар сені түсіне бастайды. Арыстандар үйірімен жүреді. Біреуі шабуыл жасаса, қалғандары да жабыла кетеді. Сондықтан олар өте қауіпті.» – 03:10 03:14 – «Бәріне бірдей көңіл бөліп, әрқайсысының тілін табу керек.


Жанат Қалметова бірнеше жыл бойы арыстандарды бағып, кейін оларды Шымкент зообағына тапсырған. Содан бері ол хайуанаттар бағына жиі келіп тұрады. Ал жыртқыштар бұрынғы күтушісін әлі күнге дейін ұмытпаған.


ӘСЕМ УӘЛИХАНОВА, ЖЫРТҚЫШ АҢДАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Алғаш келген кезде жануарларда 3-4 айлық бейімделу кезеңі болады. Сол уақытта Жанат апай бізге көп көмектесті. Жұмысшыларға бағыт-бағдар беріп, арыстандардың жаңа ортаға тез үйренуіне ықпал етті.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Шымкент зообағында бүгінде 306 түрге жататын 3561 жануар бар. 2024 жылы мұнда 536 мың адам келсе, өткен жылы келушілер саны 720 мыңға жеткен. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өзге өңірлерде кездеспейтін аң-құстарды тамашалауға болады.


ҰЛМЕКЕН КҮКЕНОВА, ЗООБАҚ ЭКСКУРСОВОДЫ, БИОЛОГ

Біздің зообақта Қазақстанның басқа зообақтарында кездеспейтін үлкен ақтұмсық маймыл мен аметист питоны бар.» – 02:01 02:41 – «Әр жануардың өз рационы болады. Бір аңға арналған азық екіншісіне берілмейді. Сондай-ақ әр жануарға жауапты өз мамандары жұмыс істейді.» – 02:50 04:51 – «Жануарларға жақындаймын деп қоршаудан асып кетуге болмайды.» – 04:57 05:18 – «Өздеріңізбен бірге әкелген тағамды жануарларға бермеңіздер. Олар уланып қалуы мүмкін.


Хайуанаттар бағы әсіресе балалар үшін ерекше қызық мекен. Бұл – еліміздегі ең ірі үш зообақтың бірі әрі аумағы жағынан ең үлкені. Сондықтан мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келетін қонақтар аз емес.

«2020 жылы келгенмін, қатты ұнаған еді. Бүгін Ақтөбеден алты отбасы, 34 адам болып арнайы келдік. Табиғаты, тазалығы, жануарлары өте керемет. Балалар мәз-мейрам. Қазақстандағы ең үздік зообақтардың бірі деп сеніммен айтуға болады.»
КСМ: Кейіпкеріміз жануарларды баптау ісінен қол үзген емес. Қазір ол цирктегі иттерді үйретіп жүр. Әрқайсысының мінезіне қарай жұмыс істеп, түрлі акробатикалық элементтерді меңгертеді. Осылайша төрт аяқты өнерпаздарды сахнаға дайындайды.