Барымташыларға тосқауыл қойылды. Елімізде мал ұрлаумен айналысқан 58 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Жыл басынан бері осы санаттағы 266 қылмыс тіркеліп, 258 күдікті қолға түскен.
Полицейлердің мәліметінше, биыл ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылған. Ал мал ұрлығы деректері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға азайған. Мамандар бұл көрсеткішті профилактикалық жұмыстардың күшеюімен байланыстырады. Ішкі істер министрлігі тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға, дер кезінде таңбалап, тіркеуге және жоғалған жағдайда бірден полицияға хабар беруге шақырады. Сақшылардың айтуынша, мұндай қарапайым сақтық шаралары қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.