Сақ болыңыз! Алаяқтар өзін “WhatsApp-тың қауіпсіздік орталығы” немесе “ресми тексеру қызметі” ретінде таныстырып, аккаунтқа қауіп төніп тұрғанын айтады. Ақауды түзеу үшін Start батырмасын басуды не аккаунтты растауды талап етеді.


Хабарламаға жауап берсеңіз, әккілер аккаунтыңызды қолды етеді. Атыңыздан туған-туысқа хат жіберіп, ақша сұрайды. Қаскөйлердің құрығына түсіп қалмау үшін бейтаныс хабарламаға мән бермеу қажет. Бөгде адамға құпия сөз не телефонға келген хабарлама кодтарды жайып салмау керек.