Шымкентте ерекше балаларға арналған «Тілек ағашы» атты шығармашылық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер өз қиялындағы армандары мен ақ тілектерін сурет арқылы бейнелеп, өнерлерін ортаға салды.
Бұл бастама балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді. Әр суреттен балғын жүректің тазалығы, болашаққа деген сенімі мен үміті айқын сезілді. «Тілек ағашы» тек сурет салу алаңы ғана емес, мейірім мен қолдаудың символына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ерекше балалардың әлеуетін ашып, олардың қоғаммен етене араласуына жол ашады. Балалардың әр бояуы мен әр сызығында үлкен арман жатыр. Осындай игі бастамалар арқылы олардың үмітіне қанат бітіріп, жарқын болашаққа сенімін нығайту - барша қоғамның ортақ міндеті.
ЖАННА ЕЛТАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Балаларға арманға жетуге болады деп, сондай мотивация салғымыз келеді. Сол өздері салған суретке қарап балалар болашаққа өздерінің жоспарларын құруы керек. Негізгі мақсатымыз сол.