Бір ғана қателік маңызды деректің сыртқа шығуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қызметте ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талап күшейіп келеді. Осы бағытта мамандар арнайы семинарда бас қосты.
Жиында мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Мамандар киберқауіптер күн сайын артып жатқан заманда әр қызметкер ақпараттық сауаттылығын үнемі жетілдіріп отыруы қажет екенін айтты. Ақпарат – стратегиялық ресурс. Оны қорғау мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен азаматтардың сенімін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан семинар барысында ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау кезінде сақталуы тиіс негізгі талаптар кеңінен талқыланды. Маңызды жиынға 30-ға жуық маман қатысып, тәжірибе алмасып, білімдерін толықтырды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
ЕРБОЛ ҚЫРҒЫЗБАЕВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтер– ақпарат болып табылатын немесе ақпаратты қамтитын немесе ақпаратты өңдеу, сақтау, беру үшін қызмет ететін және мақсаттарға қол жеткізу мен қызметінің үздіксіздігі мүддесінде ұйым үшін құндылығы бар материалдық немесе материалдық емес объект.