Экотуризм – әлемде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыт Қазақстан экономикасының басым секторларының қатарына енгізілген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көшпелі кеңес өткізді. Жиынға 50-ден астам отандық және шетелдік инвестор қатысып, өңірдегі туристік әлеует пен болашақ жобаларды талқылады.
Кездесу барысында ұлттық парк аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған бірнеше инвестициялық жоба таныстырылды. Олардың қатарында Біркөлік шатқалында экологиялық және отбасылық демалыс аймағын құру, Қасқасу шатқалында туристік-рекреациялық кешен салу және Сайрамсу шатқалында заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыру бастамалары бар. Кеңесте жобалардың тиімділігімен қатар, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау мәселесі де көтерілді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Шағын жобаларды бір жылдың ішінде, ары кеткенде екі жылдың ішінде салуға болады. «Бізге әдемі эскиздер емес, нақты нәтиже қажет. Сондықтан әрбір жоба бойынша міндеттемелер мен жүзеге асыру мерзімі нақты белгіленуі тиіс.
Жиында сондай-ақ KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластерінің тұжырымдамасы таныстырылды. Ауқымды жоба Түркістан өңірін Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруды көздейді. Болашақта халықаралық стандарттарға сай туристік және курорттық инфрақұрылым қалыптастыру жоспарланған.
ЕРКЕБҰЛАН ДАУЫЛБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Түлкібас ауданы табиғи рекляциялық аумақтарды енгізу жоспарланған 701 гектарды құқрап отыр.Жабағы ауыл округінде 171 гектар ерсу учаскесінде 530 гектарды құрайды.
Көшпелі кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдар мен инвесторларға жобаларды жедел іске асыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ ұлттық парктің туристік тартымдылығын арттыру, инвесторлармен өзара байланысты күшейту және барлық нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Мамандар құрылыс сапасы, экологиялық талаптардың сақталуы және жобалардың уақытылы орындалуы басты назарда болатынын атап өтті.