Шымкенте қала күні үш бірдей парк пен этно ауыл ашылды. Халықаралық деңгейдегі «Жапон» бағы мен «City Parkтің» ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жұртты мерекелерімен құттықтады.
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ CITY PARK АШЫЛДЫ
Қала күні Шымкентте мегаполистің ең көне демалыс орындарының бірі – «Қиял Әлемі» саябағының орнында бой көтерген жаңа қоғамдық кеңістік – «City Park» салтанатты түрде ашылды. Жкалпы аумағы 4,гектардан астын жер телімі өткен жылы мемлекет меншігіне қайтарылып, жаңарту және абаттандыру жұмысы басталған болатын. Мұнда бұрын орналасқан нысандар бұзылып, саябақ аумағы толық қайта жаңарып отыр. Саябақ аумағында жыл бойы жұмыс істейтін мұз айдыны, әмбебап спорт және ойын алаңдары, сауықтыру серуендеріне арналған терренкурлар, жасыл лабиринттер және арнайы жабдықталған шолу алаңдары орналасқан Бүгінде City Park демалыс, спорт, мәдениет және қоғамдық белсенділікті біріктіретін заманауи урбанистік кеңістікке айналды.
Бибіпатима Хамитбекова ,Қала тұрғыны
Қандай керемет халыққа джеген мынау жағдай жасалған өте керемет. Баяғыда жан жағының бәрін бекітіп тастаған еді. Қазір мінекей жан-жағы ашық емін-еркін кіріп шығасың. Комерчески емес мемлекетке қайтарылған нәрсе.
Мегаполисте қала күніне орай халықаралық деңгейдегі Жапон саябағы ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты.Аумағы 2,3 гектарды құрайтын бірегей қоғамдық кеңістік бұрынғы «Кең баба» саябағының аумағында бой көтерді.Жапон саябағының тұжырымдамасы адам мен табиғат арасындағы үйлесім философиясына негізделген. Саябақ аумағында сакура аллеялары, тас бақтары, су үстіндегі демалыс орындары, жапон ауылы, көркем серуендеу жолдары, демалыс және медитация аймақтары, тұқы балықтары бар тоғандар, сондай-ақ, түрлі тақырыптық фотоаймақтар орналасқан. Кеңістіктің әр элементі жапон мәдениетіне тән тыныштық, оңашалық және табиғатты тамашалау атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.
Жанбота Сапарбекова, Қала тұрғыны
Келгенде жапонияға кіргендей боласың :бізде кафк көп. Мына жер өте керемет. Жан тыныштығын береді атмосферасы да керемет. Бақса жаққа ташкенте бару керек емес мұнда дабр. Біздңң жақта да парк ашылған рахмет күшті.
Қала күнігі тағы бір ерекше жаңалық бұл бұрынғы қоқыс полигонының орнында ең ірі экопарк ашылды.Қысқа мерзім ішінде ұзақ жылдар бойы қоқыс полигонымен байланыстырылып келген аумақ толықтай жаңарып, демалысқа, спортпен шұғылдануға және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Жалпы аумағы шамамен 45 гектарды құрайтын экопарк бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Мұнда жасанды су айдыны, шолу алаңдары, табиғи материалдардан төселген жаяу жүргіншілер жолдары салынған. Сонымен қатар, жарықтандыру жүйесі орнатылып, ағаш орындықтар мен шағын сәулеттік нысандар қойылды.
Әбілхайыр Оңғар, Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы.
19 түрлі жәй жапырақты ағашкөшеттері егіліп,қазіргі уақытта серуендейтін аймағы жасанды көл аймағы сонымен қатар серуендеушілерге арналған орындықтар, жарықтармен қамтамасыз етілді.
Низами Меһдиев Бакуден Шымкентке алғашқы рейспен ұшып келіпті. «Қонақ келсе құт келеді», демекші мегаполис күніне орай ұйымдастырылған «Этно-Шымкент» фестивалі аясында «Шымқала» этноауылының бірінші кезеңінің салтанатты ашылуы өтті.Оның аумағында дизайнерлердің, қолөнершілердің, суретшілердің, музыканттардың және креативті индустрия өкілдерінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Жоба қаланың туристік тартымдылығын арттыруға, ұлттық мұраны сақтауға және заманауи шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған. «Шымқала» этноауылы ұлттық дәстүрлер мен қазіргі мәдени қызмет түрлері үйлесімді тоғысқан бірегей кеңістік болып табылады.
Низами Меһдиев, Турист, Баку
Шымкент шын мәнінде мені таң қалдырды. Өте тарихы тереңде жатқан көне қала. Этноауыл ұлт болмысын көрсетеді. Ең бастысы мұндағы тұрғындар өте бауырмал және қонақжай халық,деп айтар едім.
Осылайша қала күні мегаполисте үші бірдей ірі парк пен этноауыл ашылды. Бұл нысандардың барлығы қаланың жаңа келбетін әсерлендіре түсті. Мегаполистің туған күні кешке өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен гала концерке ұласты.