Шымкентте спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында заңнамадағы соңғы өзгерістер мен саладағы өзекті мәселелер талқыланды.


Мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күресте басты назар құқық бұзушылықтың салдарын жоюға емес, оның алдын алуға аударылып отыр. Осы мақсатта департамент өкілдері мен сарапшылар спорт ұйымдарының қызметкерлерімен кездесіп, заң талаптарын жан-жақты түсіндірді.


СӘБИТ ӘСІЛБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Спорт басқармасына қарасты мекемелерді мамандарымен жиналып, оларға нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық жасаған жағдайда қандай жауапкершілітерін барын.Әкімшілк жауапкершілігі, қылмыстық жауапкершілігі түсіндірілді.


Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды.


БЕРІК ЗУЛХАЙНАРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ
Негізі мониторингтар жүргізіліп тұрады.Превенциямен.Сол мониторинг бойынша анықталған тәуекелдер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Мұндай жиналыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылады деп ойлаймын.


Жиында саладағы тәуекелдерді азайту жолдары мен алдын алу тетіктері де сөз болды. Ұйымдастырушылар мұндай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар қаладағы өзге де мекемелерде жүргізілмек.