Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында топ жарып, 3 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында өткен байрақты бәйгеге әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысқан.

Айта кетейік, European Physics Olympiad – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып, жас физиктердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.