Сақ болыңыз! Қорқор өнімдері денсаулыққа аса зиян. Көпшілік кальянды темекіге қарағанда қауіпсіз деп есептейді. Алайда мамандар бұл пікірді теріске шығарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір сағат бойы кальян шеккен адам ондаған, тіпті жүздеген темекі тартқанмен шамалас түтін жұтуы мүмкін.
Қорқор түтінінің құрамында никотин, көміртек тотығы, ауыр металдар және қатерлі ісік тудыратын улы заттар бар. Бұл жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі аурулары мен онкологиялық дерттердің пайда болу қаупін арттырады. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында кең таралған қорқор өнімдері никотинге тәуелділік қалыптастырып, денсаулыққа елеулі зиян келтіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері түнгі клубтар мен өзге де көңіл көтеру орындарын аралап, заңсыз өнімдердің сатылмауын қадағалап келеді.