Шымкентте бокстан КСРО спорт шебері Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан кубогы басталды. Байрақты бәсекеде 2011 жылы туған жасөспірімдер бақ сынауда. Додаға еліміздің 20 өңірінен 350-ден астам былғары қолғап шебері жиналған.
Нұржан Қосмамбетов – облыстық, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ел спортының дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның спорттағы жолы бүгінгі жас буын үшін үлкен үлгі.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Нұржан ағамыз совет кезінің өзінде-ақ қазақ абыройын асқақтатты. Ал мына жасөспірімдер тәцелсіз елдің үміті. Бұл керемет дүние деп ойлаймын.
Турнирге қатысушылардың бірі – Дарын Мұхаммеджанов. Ол бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған. Жас спортшы бұл додаға екі ай бойы тыңғылықты дайындалғанын айтады. Негізгі мақсаты – үздіктер қатарынан көрініп, алдағы ел чемпионатына жолдама алу.
ДАРЫН МҰХАММЕДЖАНОВ, БОКСШЫ
Осы жарысқа арнайы дайындалдық. Крос жүгірдік, спаринг өткіздік.» - 01:12, 01:19 – «Менің арманым олимпиада чемпионы болу. Ұлттық құрама қатарына кіру.
Мамандардың айтуынша, елімізде жас боксшылардың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Бұған жуырда Ташкентте өткен Азия чемпионатының нәтижелері дәлел. Онда Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы 8 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған. Ал бүгінгі турнирдің басты мақсаты – болашақ чемпиондарды анықтап, жаңа есімдерді қалыптастыру.
ДІНМҰХАМЕД АБАЙХАН, БАС ТӨРЕШІ
Бұл жерде фовориттер жоқ. Өйткені осы жас ерекшелігінде әзірге ҚР чемпионаты өтпеді.
Турнир барысында 15 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады. Шымкент қаласындағы кәсіпқой бокс түрлері клубында өтіп жатқан жарыс 27 маусымда мәресіне жетеді. Үздік шыққан спортшылар алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.