Жаңа Салық кодексі бизнеске қалай әсер етті? Осы сұраққа жауап іздеген кәсіпкерлер мен бухгалтерлер еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылған ашық кездесулерде бас қосты. Онда жаңа жүйені енгізу барысында туындаған мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.


Шымкентте өткен жиында декларация тапсыру мен салық төлеу кезінде кездесетін негізгі қиындықтар көтерілді. Әсіресе, оңайлатылған салық режиміне енгізілген өзгерістер қызу талқыланды. Жаңа тәртіп бойынша ірі кәсіпкерлер шығындарын шегерімге қоса алмайды. Мамандардың айтуынша, бұл көптеген кәсіпкерді жалпыға бірдей салық режиміне көшуге мәжбүрлеуде. Сонымен қатар қосымша құн салығы мөлшерлемесінің 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсуі де бизнеске түсетін қаржылық жүктемені арттырған.


МАДИНА АМИРБЕКОВА, OKTAVA.KZ БУХГАЛТЕРЛІК ШЕШІМДЕР БЮРОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Халық бухгалтері» акциясы аясында ұйымдастырылған семинар-тур Петропавл, Атырау, Шымкент және Ақтөбе қалаларын қамтиды. Мамандар жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейінгі алты айда жинақталған тәжірибені саралап, кәсіпкерлер мен бухгалтерлердің ұсыныстарын тыңдауда.


Кездесу барысында салық төлеу тәртібі, декларацияларды рәсімдеу кезінде туындайтын мәселелер және заңнамадағы соңғы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, түйткілдерді шешудің нақты жолдарын ұсынды.


БАЛЖАН БАҚЫТҚАЛИҚЫЗЫ, САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ, КӘСІБИ ЕСЕПШІ
Жаңа салық кодексінде өте үлкен өзгеріс ол оңайлатылған салық декларациясы, соны жалпыға бірдей салық деклрациясы жұмыс жасайтын ірі кәсіпкерлер оны өздерін шегерімге ала алмайды.Ол өте үлкен күрделі өзгеріс.


Жаңа Салық кодексінің алты айлық нәтижесі қорытындыланған бұл жиын сала мамандары үшін маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелер алдағы уақытта салық заңнамасын жетілдіру жұмыстарына негіз болмақ.