Еліміздегі ең үлкен жер асты жолы пайдалануға берілді. Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсынан тесіп, Түркістан мен Жамбыл облысын жалғай салынған жолдың жалпы ұзындығы 840 метр. Оны салу үшін мемлекет әр метріне 12 млн теңге көлемінде қаржы жұмсады. Құрылысы қарқынды басталғанымен сағызша созылған көлік дәлізі 10 жыл дегенде салынып бітті.   
 Ені 11 биіктігі 8 метр болатын жер асты жолын салуды әу баста ирандық компания өз мойнына алған еді. Бірақ көп өтпей жұмыс тоқтады. Кейін келісімшарт үзіліп, орнына әзербайжандық құрылысшылар келді. Оларда жұмысты межелі мерзім ішінде бітіре алмады. Жыл ұзарған сайын қаржы көлемі де еселеп өсті. Мәселен басында 2 млрдқа жоспарланған өткелге 10 млрд-тан астам теңге жұмсалды.  
 СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ
 --Жұмыс басталғанан кейін пандемияның кезі болды. Пандемияға байланысты бұл туннелдің ішінде шетелден әкелінетін көптеген  құрал саймандар болатын оларды әкелуге, оларға тапсырыс беруге көптеген кедергілер болды. Соған байланысты кешігу жұмыстары болды.

 Тоннель Шақпақ баба ауылын кесіп өтетін республикалық жолдағы көлік ағынын азайту үшін салынды. Бұл жермен тәулігіне 20 мың көлік өтеді. Бұған дейін жүргізушілер ауыл іргесіндегі тар жолмен әрең қатынап келген болса, енді тоннельдің арқасында жол азабынан құтылмақ.
 НИКОЛАЙ ЕРНОВ , ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ
(Аударма): Бұрын қыста қиындықтар болатын. 3-4 күн тұрып қалатынбыз. Тіпті жанармай қатып  апталап жатып қалатындар кездер болған. Енді мынау туннель арқылы олай болмайды деп үміттенемін. Тіпті ұшып өтетін шығармыз.

 Өткел қыста қатты боран болса ғана жабылуы мүмкін. Өйткені, ат құлағы көрінбейтін қарлы бұрқасында жүру аса қауіпті, дейді мамандар. Ал көліктер ауыл ішімен жүргенде жол жиегінде сауда істеп күн көрген жұртқа тоннель маңынан арнайы сауда қатарлары салынады.
 ЗУЛФУХАР ЖОЛДАСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Мына жерде бір базар салып жатырмыз шыға берісте и төменде бір базар салып жатырмыз. саудагерлердің бәрін сол базарларға орналастыратын боламыз.
 Құрылысшылардың айтуынша жерді қазу кезінде шыққан су бүгінгі күнге дейін тоқтамаған. Бірақ бұлақ көздерінің барлығы құбыр арқылы жинақталып, бұрылып басқа жақпен сыртқа шығарылған. Сонымен қатар тоннельдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 19 бақылау қондырғысымен желдету жүйесі  және  өрт сөндіру гидранттары орнатылған.