Биыл Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістан қаласында төтеншеліктер атаулы датаны кең көлемде атап өтті. Сонымен қатар 19 қазан - Қазақстан құтқарушылары күні мерекесі де назардан тыс қалмады.


 Жер сілкінісі, өрт оқиғасы және өзге де төтенше жағдайлар. Апат орын алған кезде зардап шеккендерге жәрдем ету үшін ең алдымен төтеншеліктер аттанады. Олар адам өмірі мен мүлкін құтқаруды, сондай-ақ өртті жоюды міндеті деп есептейді. Өрт сөндіру қызметі — 24 сағат тыным таппай жұмыс істейтіндердің қатарында бірінші орында тұр. Бұл — әлемдегі ең қауіпті және күрделі мамандықтардың бірі.


 АСҚАР СЕЙСЕНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ

 Құтқарушылар күнімен және ТЖМ-нің 30 жылдығына орай іс-шара өтті. Осы іс-шараға сәйкес Түркістан қаласының ардагерлерін және әріптестерімді Құтқарушылар күнімен құттықтаймын. Түркістан қаласында қазіргі таңда 2 өрт сөндіру бөлімі, ТЖД басқармасы және жеке құрамда 124 қызметкер бар. Олар қала көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс атқарады.


 Іс-шара барысында ең үздік құтқарушылар мен Түркістан қаласының ардагерлеріне арнайы грамоталар мен медальдар тапсырылды. Құтқарушылардың қауіпті жағдайларда жасаған ерліктері туралы бейнемазмұндар көрсетілді.


Атаулы мереке біз үшін үлкен мереке. ҚР-на қызмет ету барысында құтқарушылар аянбай еңбек етіп келеді. Сондай-ақ әріптестерімді және қала әкімдігін құттықтағым келеді. Басқа да құзырлы органдарға алғысымыз шексіз. Азаматтық қорғау органдарында жұмыс атқарып келе жатқаныма 10 жылдай болды. Осы уақыт ішінде түрлі төтенше жағдайлар кезінде, азаматтық қорғаныс саласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында үлкен жұмыстар атқарып келеміз.


Түркістан қалалық ТЖД мамандары профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мектеп оқушыларын оқытып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат береді, ерікті құтқарушыларды даярлайды.