25 қазан - Республика күні еліміз үшін ерекше тарихи маңызға ие мереке. Осыған орай мегаполисте мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, қала жастары белсене атсалысуда. Соның бірі - «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған марафон жарысы. Тақырыпты тілші тарқатады.


Орталық саябаққа 200-ден астам жас бас қосты. Таңнан жиылған жастардың ойы сергек, қимылы ширақ. Белсенді жастар атаулы күнді ауқымды спорттық шарамен қыздырмақ.


 ДАНАГҮЛ ӘБДІХАЛЫҚОВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ

Осы спорттық сайысқа бізді қатыстырып жатқанына үлкен рақмет. Біздің бос уақытымызда салауатты өмір салтын ұстануға көмектесіп жатыр. Денсаулығымызды арттырып жатқаны үшін алғыс білдіреміз.


Спорттық сайысқа 12 команда келген. Олар 100 метр қашықтықты жылдамдыққа жүгіріп, эстафетада өзара мықтыларды анықтайтын болады. Жеңімпаздарға кубок пен медальдар табысталады.


ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ

Жиырма бесінші қазан - Республика күні. Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аясында қаламыздағы оқу орындары арасында марафон ұйымдастырдық.


Марафон мен эстафета сайысының мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар командалық жарыс арқылы өскелең ұрпақтың өзара ынтымағын ұйыстырып, достығын нығайту көзделген.