Азаматтық қоғам - домократия бөлшегі. Ой мен сөз тәуелсіздігі. Тұлға құқықтары мен еркіндігі. Әр азамат қоғам мәселелеріне үн қатып, ой тұжырымдауға құқылы. Осы ұран аясында "Азаматтық қоғам құру: сарапшылар көзімен" атты пікірлесу алаңы ұйымдастырылды. Оған қоғам белсенділері, қалалық мәжіліс депутаттары мен студенттер қатысып, ой талқы өткізді.

 Талғат Балтабаев - азаматтық қоғам жоғары қарқынмен дамып келеді дейді. Айтуынша, біздің ел көрші мемлекеттермен салыстырғанда едәуір ашық, халықпен санасады.

 ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
 – «Аэс салу туралы біз қазір халықпен кеңесіп жатырмыз. Халықтың пікірін біліп жатырмыз. Көрші мемлекеттер халықпен санасқан да жоқ қой былай қарағанда. Халықпен санаспай-ақ Аэс құрылысын бастап жіберді» - 02 17 // 576_0564 //

 Ару Қалдыбай –жоғары оқу орындарының бірінде студенттік ректоры. Білім алушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу, құқықтарын қорғау мәселелерін жиі көтереді. Ол, жастардың ойын ашық, айқын айта білуі – қоғам дамуын үдетуші күш деп санайды.

 АРУ ҚАЛДЫБАЙ, СТУДЕНТ
– «Менің түсінігімде азаматтық қоғам дегеніміз – ой еркіндігі. Өзінің ойын, санасын, қалауын білдіре алады деген ұғымдамын» 

Жастардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар мен саяси ахуалдан, ревормалардан хабарсыз. Үкімет ұсынып отырған мүмкіндіктерден бейхабар азамат көп. Неге? Олқылықты орынын толтыру үшін  аға буын жастарға жол нұсқап, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Қоғамдық кеңес мүшесі осылай дейді.

РҮСТЕМ ӘШТАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
 – «Қазір елімізде жастарды көптеген ревормалардың арқасында жергілікті өзін-өзі басқаруға көптеген тетіктер, құралдар беріліп жатыр. Бірақ соны пайдалану кешуілдеп отыр. Оның себебі ақпарат жетіспейді. Шынайы жастармен жұмыс істейтін.
 МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ, БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 – «Өздеріңіз білесіздер еститін мемлекет жобасы өте қарқынды жүріп жатыр. Көптеген заңдар қабылданған болатын. Бірақ, солардың көбі төменге жетпей қалып жатады. Сондықтан біздің мақсатымыз жастарға осы жаңашылдықтарды үйрету.»

 Кездесуде аға буын жастарға ақыл-кеңес айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер көкейтесті сауал жолдап, тұщымды жауап алды.