Қаңғыбас иттен қауіп бар ма? Қаладағы иесіз үй жануарлары мәселесінде сіздің пікіріңіз қандай? Оларды аулау жұмысына көңіліңіз тола ма?

 Журналист Нұрлан Сейдқалиұлы бірнеше жылдан бері қаңғыбас иттер мәселесін көтеріп келеді. Әлеуметтік желідегі парақшасында қаланың қақ ортасында иесіз иттердің қаптап жүрген байқап, жауаптыларға жеткізіп отырады. Десе де нәтижес жоқ, жұмыстарына көңіл толмайды, - дейді ол.   

НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
-Біздің үйдің жанында 52-ші мектеп бар, сол жерде бір оқушының аяғынан тістеп, қауып алған. Ол итті де суретке түсіріп, басқармаға жібергенмін. Бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ, жүрген жерінде жүр. Сонымен бірге көшеде ит-мысықтардың көлікке қағылып, өліп жататын өте көп. Бүгін де жұмысқа келе жатып жолда өліп жатқан екі итті байқадым. Соның бәрі не ауланбаған иттер, қаңғырып жүрген иессіз иттер.

 Шымкентте қаңғыбас иттерге арналаған Ақтастағы панажай құрылысы аяқталып, тамыз айының соңында төртаяқтар сонда ауыстырылды. Енді ұсталған ит-мысықтардың қауіптісі ізгілік жолымен ұйықтатады, ал қалғаны 3 күннен 14 күнге дейін бақылауда болып, арнайы дәрілерді қабылдағаннан кейін қайта орнына жіберіледі. Ал шымкенттіктер иесіз иттерді аулау жұмысына пікір білдірді.