Шымкенттің кіреберісінде көлік кептеліп, шығаберісінде жүргізушілер уақыт шығындайды. Әсіресе А2 автомобиль жолындағы құрылыс жұмыстары кептелісті күшейтіп отыр. Қалада осы өзекті мәселе қашан шешіледі? Бұл сұрақтың жауабын тілшіміз Кенжехан Дүйсенбі іздеп көрді.


Бозарық айналма жолының жартысы жабылғанына айға жуықтады. Осының өзі мегаполистен Сайрам, Бәйдібек аудандарына шығатын жалғыз жолды күрделендіре түсті. Бәйдібек даңғылынан зулап шығатын көлік ағыны осы айналмаға келіп кептелісіп қалуда. Айналма мен бір А2 автомобиль жолының бір жарым шақырымының құрылысы келер жылға өтпелі екен. Десекте жолды жыл соңына жеткізбей тапсырамыз, –дейді мердігерлер.


ӘДІЛЕТ ӘБДІКӘРІМ, «ӘЛЕМ ТРАНС ЖОЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда өзіміздің күшімізбен бітіреміз деген ойдамыз


Қала көшелерінде көлік кептелістің алдын алу мақсатында ағымдағы жылы Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында 2 оң жақ өткел және Ибрагим ата – Ю.Сареми көшелерінің қиылысында 1 оң жақ өткел бұрылыс жолдары салынды. Сондай ақ Байдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында сол жақ бұрылыс жолдары салынып кеңейтілген. Бәйдібек би даңғылында көлік ағымы көп болғандықтан, Тұран шағын ауданын жалғайтын Таңбалы тас көшесі асфальтталды. Бұл шешімдер көлік кептелістерін едәуір азайтады.


БЕКЗАТ МОЛДАСАПАРОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бәйдібекби даңғылына шығатын кептелістерді алдын алу мақсатында паралель орналасқан көшелерді кеңейтіп, Тұран ша өткізіп жатырмыз. Бірнеше көшелерге сметалық құжат әзірленді.,


Жол көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздігін арттыру мақсатында 34 бағдаршам орнату жоспарланып, 18 бағдаршам орнатылған. Жол жолақтарын сызу және жаңарту 1100 шқ жоспарланып, 320 км жол таңбалары сызылды. Бұл жұмыстар 2023 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Жол белгілерін орнату және ауыстыруға 6000 дана жоспарланып, 4100 дана жол белгілері орнатылып, жаңартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.