Шымкентте су қысымын реттейтін 27 станция бар. Бұл халқы миллионды қала үшін аздық етеді. Сондықтан жауаптылар реттегіш құрылғысын көптеп орнатуды жоспарлап отыр. Тұрғындар тіршілік нәрінен тапшылықты жаз маусымында сезінеді. Мұндай олқылық әсіресе Самал-3, Ұлағат, Бадам-1 шағынауданында байқалады. Сол себепті су қысымын реттегіш орнатылып, кейбір жердегі ескісі жаңартылып жатыр.


Жаз-күз айларында шымкенттік тұрғындар үшін ауыз су мәселесі өзекті болады. Себебі  жұрт тіршілік нәрін екі есе көп пайдаланады. Оған қоса үй іргелік жерлердегі бау-бақшаны да суғарады. Бұл біріншіден ысырап болса, екіншіден су қысымының азаюына әкеп соғады.  Тіпті  шаһардың биік жерінде орналасқан үйлерге келуі қиындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында бірқатар шағынаудандарда су қысымын реттегіш станциясы орнатылып жатыр.  


НУРИДДИН ЖАРБОЛОВ – БАС ТЕХНОЛОГ  
Жайлы жағдай істеу үшін қысымның мөлшері тұрақты және бірқалыпты болу керек. Қысым төмен түсіп кетсе білесіздер су  жетіспей қалады. Қысым артық болып кетсе құбырларда ақаулар шығады, мезгілсіз жарылыстар болады, су шығыны болады. Ең тиімді жолы қысымды реттеу. Басқару қысымды.


Басқарманың инвестициялық бағдарламаларды орындауын  табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері қадағалады. Коммуналдық мекеме қаладағы тозығы жеткен құбырларды ауыстырып жатыр. Бұл жұмыстар Самал-3, Тұран, Ұлағат, Бадам-1 шағынаудандарында  атқарылған.


КЕНЖЕБОЛАТ КӨШЕКБАЕВ - ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бекітілген инвестициялық бағдарламада шамамен 110 миллион теңге қарастырылған болатын. Ол жерде енді жөндеу жұмыстары және де құрал жабдықтарды ауыстыру жұмыстары болады. Тозу еңгейін түсіру жәнеде авариялардан сақтау алдын алу сондай жұмыстарға әкеледі инвестиция.  


Су құбыры және канализация басқармасына қарасты су құбырының ұзындағы 4854 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 4,5 пайызы тозған.   


БАҒДАТ БАЙБОЛОВ – «СУ ҚҰБЫРЫ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ БАСҚАРМАСЫ»МКК ДИРЕКТОРЫ  
Бізде сеттің барлығы 2002 ден жоғары қарай ғой. Біздің сеттер негізі қатты ескі деп айталмаймыз.  Бірақ ішінде бұрын салынып кеткен сетті мемлекеттің балансына беріп жіберген жерлер бар Жаңа тұрлан сияқты. Олар енді бұрынға ескі деп саналады. 63-70 жылғы. Соларды ғана ауыстыруымыз мүмкін. ҚАлғандарында ондай жаппай ауыстыру жоқ.


Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорынға қарасты 27 су қабылдағыш және  49 кәріз сорғы станциясы бар. Бұл нысандар тұрғындарды сапалы және тұрақты тіршілік нәрімен қамтып, сарқынды су жүйесін жақсартуға септігін тигізбек.