Еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмайтыны анық. Әр үздік нәтиже мен қиын жұмыстың астарында бір адамның үздіксіз қызметі мен маңдай тері жатыр. Мамандықтар көп. Ал  біз сөз ететін бүгінгі сала баршамыз күнделікті естіп, көріп жүрген мұғалім, дәрігер емес, жол маманы. Көлік жолының сапасын бақылайтын маманның жұмысы тілші бейнематериалында.


Жол саласында  21  жылға жуық тәжірибесі бар  кейіпкеріміз Қайрат Шакиров династия өкілі. Бүгінде Қайрат – жол жамылғысының сапасына жауап беретін ірі кәсіпорынның филиалында зертхана меңгерушісі және жетекші сарапшы лауазымдарында қызмет атқарады.  


Жолшылардың бірі қара күшті қажет ететін бөлігінде  қызмет атқарса, енді бірі зерделі зейін мен жедел әрекетті талап ететін сатыларында жұмыс істейді. Жауапты мамандардың әрбіріне қойылатын басты талап – тынымсыз іздену мен  қажырлы еңбек ету.


Жолдауда мемлекет басшысы Еңбек адамының мәртебесі қашанда биік болатынын сөз етті. Әсіресе жұмысшы мамандарға көп көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Өйткені елдің дамуына, қалалардың көреюіне қарапайым жұмысшылардың еңбегі зор.