Биыл елдегі 6 мың шақырымнан аса жол жөнделеді. Оның үш жарым мыңы өңдеуден өтсе , үш мың километріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Президент кезекті жолдауында автожол мәселесін күн тәртібіне қойып, тиісті жұмыстар сапалы әрі уақытылы жасалмай отыр деп дабыл қақты. Жауаптыларға нақты тапсырма берді. Ескертуді ескерусіз қалдырмаған Жетісай ауданында авомобиль жолдары талапқа сай жаңғыртылуда.  


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында биыл Ұлттық қор мен жергілікті бюджеттен 2 млрдқа жуық ақша бөлінген. Жоба аясында Оспанов, Құрбан ата, Сырабат, Сәтпаев, Ералиев, Ынтымақ елді мекендеріндегі 42 шақырымды құрайтын 50 көше жөнделеді. Сондай-ақ Жетісай қаласы мен Атамекен, Абай елді мекендеріндегі 17 шақырым жол да асфальтталады. Тағы он бес көшеге  тас төселмек. Жауаптылар, қарқын үдемесе толастамайды деп отыр.


ЖАҚСЫБАЙ ӘМІРЕ – АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
– «Автомобиль жолдары заңдарына сәйкес, 245 бапқа сәйкес жолдар экспертизадан өткізіліп, сметалық құжаттар жасалып тағы елу көшеге тағы елу көшеге қаршы қаралып, мем сатып алу порталына жүктелді.»


 Өткен жылы  аудандағы 18 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Былтыр, қала көшелерінің жарамдылық деңгейі 71,6 пайызға жетсе, биыл бұл көрсеткішті 77,9 пайызға жеткізу көзделген.


АРТЫҚБАЙ БЕГІМҚҰЛҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Жастарға мыңда бір рақмет. Қаламызды көркейтіп, көгалдандырып жатыр. Асфальтіміз таптаза болып, стандартқа сай салынып отыр. -  01 36


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Айта кетейік, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына стандартқа сай жасанды жол кедергілері, белгілер орнатылған.