Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға 30 күн қалды. Саяси науқан жаңартылған заңнама бойынша өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау коммисиясында өткен сарапшылық кеңес отырысында айтылды.


Коммисия Төрағасы Нұрлан Әдбіровтың айтуынша, заңға өзгерістер енгізу кезінде 2022 жылы өткен референдумды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі, сонымен бірге, сарапшылар мен халықаралық байқаушылардың ұсыныстары ескерілген. Бұдан бөлек, БАҚ-та қоғамдық сауалнама нәтижелері, референдумға қатысты болжамдар мен зерттеулер науқан басталарда бес күн бұрын және дауыс беру күні жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ, референдум кезінде бюллетеньдер мемлекеттік және орыс тілінде ғана  басылып шығады.  


СНЕЖАННА ИМАШЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Учаскеде байқаушылардың, кейбір үкіметтік емес ұйымдардың тәртібі бойынша, олардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды. Сонымен бірге, кейбір ескірген нормалар алынып тасталды. Мәселен, + бұрынғы референдум туралы заңда + 01:17 қазақ, орыс тілінде және жинақы тұратын көпшіліктің тілінде басылады деген норма болды. Осы өткен жылдардың ішінде бұл норманың қажеті болған жоқ.))