Қошқар ата өзенінің қараусыз қалған аумағы тазаланды. Тұран ауданына қарасты бөлігіндегі сенбілік жұмыстарға коммуналдық қызметкерлерден бөлек, белсенді тұрғындар қатысты. Өзеннің адам аяғы тимегін жеріндегі қураған ағаштар бұталып, күл-қоқыс шығарылды.


«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлер қатысты. Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермейды. Осылай деген тұрғындар бүгінгі іс-шара қатысушыларына алғысын білдірді. 100-ден астам адам өзен аумағындағы қоқыстарды, бей-берекет өскен шөптерді орып, маңайындағы су көздерін тазалады. Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылды.